ҚАЖК Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚАЖК Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты Архив сурет/ ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы мекемеде отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, БАҚ-та Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат тараған. ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, бұл ақпараттың бір бөлігін растады, бірақ нақты колонияның атауын ашпады.

"Сұрауыңызда көрсетілген сотталған азамат жазасын сот үкімі бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Сотталушының қай жерде жазасын өтеп жатқаны туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Қылмыстық-атқару кодексінің 25-бабы), оның жақын туыстарына хабар берілген," - деп жауап берді комитет.

Сондай-ақ, комитет өкілдері Қуандық Бишімбаевтың колонияда жұмыс істемейтінін айтты.

"Мекемедегі күн тәртібі барлық сотталғандарға бірдей. Жұмыс орнының жоқтығына байланысты ол жұмысқа орналаспаған," - деп қосты ҚАЖК.

Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети