Қажмұқан Бекмұқашев ЦДИАӨМ комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажмұқан Бекмұқашев ЦДИАӨМ комитетінің төрағасы болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қажмұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған.

2005-2006 жылдары - Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы.

2006-2011 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2011-2012 жылдары - Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы; ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің "МемжерҒӨО" РМК бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы болған.

2012-2013 жылдары - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы. 2013-2014 жылдары - ҚР Өңірлік даму министрлігі, Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы. 2016-2019 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы. 2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін - ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети