Қажымұрат Үсеновтің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қажымұрат Үсеновтің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігінің "б" тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған "ЭКСПО-2017" ҰК АҚ-ның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.
Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үшінші айға, яғни 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ұзартылғаны белгілі болды.
Осыған дейін хабарланғандай, тергеу нұсқасы бойынша, 2014 жылдың басында Қажымұрат Үсенов Southfork ДШС атқарушы директорымен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құзырлы тұлғаларымен бірге Астанада өтеді деп жоспарланған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыған көрмесінің дайындығына арналып, сеніп тапсырылған қаражатты жымқыруды ойлаған.
Қажымұрат Үсеновтің қамауға алынғаны биыл 11 маусымда белгілі болды. Үсеновтен кейін "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев та қамауға алынды.