Қала күніне орай Ақтөбеде "АРТ FEST" фестивалі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала күніне орай Ақтөбеде "АРТ FEST" фестивалі өтті

Мәдени-әдеби алаңға айналған "Абай" гүлзарында "Ақтөбе – менің мақтанышым" тақырыбында қыл қалам шеберлерінің фестивалі өтті. Оған қала әкімі Мұрат Жөребеков, мәслихат хатшысы Анар Даржанова, депутаттар, қоғам белсенділері қатысты.

Фестивальге қаламыздан 150 оқушы, 15 кәсіби суретші, 20 студент қатысып, Ақтөбеміздің көркем келбетін кескіндеді. Қолөнершілерден құралған топ панно тоқып, Ақтөбенің эмблемасын таңбалады.

Бұдан соң, қаламызда өткен "Ақтөбе қаласының абаттандырылған ең үздік ауданы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар қатарында Балауса, Есет батыр тұрғын алаптарының, Батыс-2 шағын ауданының, қаланың орталық бөлігінің кондоминимум басшылары, кәсіпкерлер, мектеп, колледждер, қала тұрғындары және т.б. бар.

5 номинация бойынша 15 жеңімпазға сыйлықтар табысталды: "Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы", "Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым", "Үздік аула сыпырушы", "Үздік безендірілген және абаттандырылған жеке үй". Айта кетсек, байқау қала әкімінің "Ақтөбе қаласының үздік абаттандырылған ауданы конкурсын өткізу туралы" қаулысы аясында өткізілді. Мұндағы басты мақсат қоғам назарын тазалықты сақтауға көңіл аударуға, қаламызды көркейту мен абаттандыруға шақыру.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети