Ақмола облысының Калачи елді мекенінде тағы төрт тұрғын "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Калачи елді мекенінде тағы төрт тұрғын "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
5 қаңтар күні сағат 18.10-да Калачи ауылынан Есіл аудандық орталық ауруханасына 1940, 1956, 1994 және 1987 жылы туған төрт тұрғын жатқызылған. Олардың біреуі - зейнеткер, біреуі - оқушы және екеуі - жұмыс істейтін азамат.
Мұның алдында 3 қаңтар күні Калачи ауылында "ұйқышылдық ауруына" бір адам - әлеуметтік жұмысшы шалдыққан болатын. Ал одан сәл бұрын екі зейнеткер әйел ауырып қалды. Олардың бірі - Калачиге қонаққа келген Ресейдің тұрғыны.
Сөйтіп, 20 желтоқсаннан бері Калачиде "ұйқыға кеткендердің" қатары 40 адамға жуықтап қалды. Еске сала кетейік, Калачи мен Красногорск елді мекендерінің тұрғындары өткен жылдың наурыз айынан бері дәрігерлерге көріне бастады, олар әлсіреп, аяқасты ұйықтап кететінді шығарған және оларда ұмытшақтық белгілері де пайда болған. Ауырған тұрғындардың бәріне "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" деген диагноз қойылды.
Ақмола облысының басшылығы 2015 жылы жергілікті халықты басқа өңірге көшіруге уәде берді. 680 тұрғыны бар Калачи ауылы бір кездері шахтерлер тұрған Красногорск қалашығынан 600 метр қашықтықта орналасқан. Өткен ғасырдың 60-90 жылдары қалашық маңында уран өндірілді.