13 қаңтар 2015 | 18:11

Калачи мен Березовка мәселелері Мемлекет басшысының бақылауында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калачи ауылы орналасқан Красногорский ауылдық округі. ©Ренат Ташқынбаев Калачи ауылы орналасқан Красногорский ауылдық округі. ©Ренат Ташқынбаев

Калачи және Березовка елді мекендерінің мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Бұл туралы ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Калачи және Березовка елді мекендерінің мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Бұл туралы ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға қарағанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырысында Ақмола облысындағы Калачи ауылында және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылында болған жағдайлар қаралды. Мәжіліске комиссия мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Отырыста атап көрсетілгендей, бүгінгі таңда Калачи және Березовка ауылдары тұрғындарын толық профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстары аяқталды. Барлық тұрғындар әлеуметтік-медициналық жеке паспорттармен қамтамасыз етілді. Экологиялық жағдайға ұдайы мониторинг жүргізу мақсатында Калачи және оған жақын орналасқан елді-мекендерде экологиялық блок-бекеттер орнатылды", - делінген сайтта. 

Сапарбаев Калачи ауылы тұрғындарына жүргізілген медициналық тексерулердің нәтижесін тәуелсіз сарапшылық баға беру үшін шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу институттарына жолдау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жылжымалы экологиялық лабораторияны пайдалана отырып, Калачи ауылының атмосфералық ауасының тұрақты мониторингін жүргізу қажеттілігі айтылды

Отырыс қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, вице-премьер комиссия жұмысының қорытындысын ағымдағы жылғы 20 қаңтарына қарай ұсынуды тапсырды.

Айта кетейік, Ақмола облысының Калачи ауылында "ұйқышылдық ауруы" өткен жылдың наурыз айынан бастап байқалды. Біраз үзілістен соң 20 желтоқсанда тұрғындар қайтадан жаппай ауыра бастады. Бүгінге дейін "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозы 30-дан астам адамға қойылды. Түрлі комиссиялар аурудың нақты себебін анықтай алған жоқ. Жергілікті билік осы жылы тұрғындарды басқа жаққа көшіруге уәде берді. 

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының тұрғындары да жергілікті биліктен басқа ауылға көшіруді сұрап отыр. Елді мекенде биылғы қараша айының соңында 25 бала мен төрт ересек адам талып қалып, аудандық ауруханаға көрінді. 4 желтоқсан күні ауруханаға тағы 20-дан астам адам түсті. Олардың басы айналып, денесі құрысқан, естерінен танған. Тұрғындар беймәлім ауруға Қарашығанақ кен орнынан ауаға тарап жатқан зиянды қалдықтар кінәлі деп есептейді. Облыс прокуроры балалар жаппай уланардың алдында кен орнынан ауаға бірнеше рет күкіртті сутек таралғанын хабарлады. Бірақ "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" (КПО) компаниясы бұл мәліметті жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети