Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Калачи тұрғындарының бәрі бірдей көшуге келісіп отырған жоқ - Кулагин

23 Желтоқсан 2014, 12:27
0
©Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
©Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан Калачи ауылындағы жағдайды шешудің негізгі жолдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен түнде тағы екі адам ауруханаға түскен. "Калачиға қатысты айтатын болсақ, бұл өте үлкен мәселе және оның қандай себеппен болып жатқанын ешкім анықтап бере алмайды. Бүгін, айтпақшы, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, бірақ біз оларды сол жерде қалдырмаймыз, тезірек өз-өздеріне келуі үшін аудандық ауруханаға ауыстырамыз. Бірақ ол жерде де барлық жағдай жасалған. Мен барғанда қосымша палаталар ашуды сұраған, біз оны істедік", - деді Кулагин.

Ақмола облысының әкімі мәселенің әлі де шешілмегенін айтты, себебі де анықталмаған. "Мен еш күдіксіз, бір шешімге келдім, тұрғындарды көшіру керек. Біріншіден бұл депрессиялық ауыл. 223 отбасы Калачида қалды, олардың 106-сы балалар. Мен тұрғындармен кездескенде оларды көшіру керегін айттым. Бірақ әркім әртүрлі қабылдады, бірақ 70 пайызы келісті. Бірінші кезекте балалары бар отбасылар көшуі керек, - деді Кулагин. 

Әкімнің сөзіне қарағанда тұрғындарды көшіруге екі миллиард теңге шамасында қаржы керек. "Күтіп отыруға болмайды. Біз көшіру жұмыстары 2015-2016 жылдары болатынын хабарладық. Бірақ мен шешім қабылдап, тұрғындарды көшіру кезінде көмектесу үшін шаруашылық қызмет субъектілерімен сөйлестім. Субъектілермен келісіп те қойдық. (...) Бірінші жарты жылдықта, әрі кеткенде жеті айдың ішінде балалары бар отбасыларды алып кетеміз. Оларды да аудан орталығы Державинскке көшіреміз. Бірақ тұрғындардың барлығы көшуге келіскен жоқ, әсіресе зейнеткерлер, бірақ біз олармен жұмыс істейміз, өмір сүруге жайлы барлық жағдайды жасаймыз", - деді Кулагин. 

Калачи тұрғындары дәрігерлердің көмегіне өткен жылдың наурыз айынан бастап жүгінді. Олар ұйқы басып, естен айырылғандарын айтып шағымданған. Олардың бәріне "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозы қойылды. Мыңдаған зерттеуге қарамастан, көптеген комиссия аурудың себебін анықтай алмады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай