Калачидегі радиациялық жағдай Астанадағыдан қауіпті емес - энергетика вице-министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калачидегі радиациялық жағдай Астанадағыдан қауіпті емес - энергетика вице-министрі Фото newskaz.ru сайтынан алынды

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Ақмола облысы Калачи ауылының радиоактивтік қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындысына қатысты мәлімдеме берді, оның айтуынша ауылдағы радиациялық жағдай Астана мен Алматының жағдайынан асқан қауіпті емес, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Жақсалиевтің айтуынша, "ұйқышылдық ауруы" ауылда уран өндіру шахталары болғандықтан шықты деген мәлімет еш расталған жоқ. Бірақ энергетика вице-министрі бұл аурудың неден шыққаны туралы өз нұсқасын айтудан бас тартты. 

Еске сала кетейік, 14 қаңтар күні Калачиден Есіл орталық ауруханасына Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова жеткізілгені хабарланған болатын. Сонымен қатар тағы үш бала ауруханаға түсті. Бұл аурумен ауырғандар 2013 жылдың 22-23 наурызынан бастап тіркеле бастады, сол кезден бастап қазірге дейін 101 адам көмек сұраған, ал бұл ауруға қатысты жалпы саны 124 оқиға болды, кейбір науқастар бірнеше рет дәрігердің көмегіне жүгінген. Белгісіз аурудың кезекті таралуы 2014 жылдың 20-желтоқсанында тіркеліп, бүгінге дейін 50-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети