Калачидегі "ұйқышылдық ауруының" себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калачидегі "ұйқышылдық ауруының" себебі анықталды © dknews.kz

Калачи мен Красногорск тұрғындары улы газдың салдарынан "ұйқышылдық" ауруына шалдыққан, - деп хабарлайды "24.kz". Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев журналистермен кездесуі барысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калачи мен Красногорск тұрғындары улы газдың салдарынан "ұйқышылдық" ауруына шалдыққан, - деп хабарлайды "24.kz". Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев журналистермен кездесуі барысында мәлімдеді.

"Кезінде бұл жерлерде уран шахтасы болған. Кей кезде мұнда улы газ бен көмірсутектің үлкен концентрациясы пайда болып, оттегінің мөлшері төмендейді. Осының салдарынан тұрғындарды ұйқы қысады", - делінген жарияланымда.

Қазір екі ауылдың тұрғындарын толық көшіру туралы шешім қабылданды. 223 отбасының бүгінде 68-і қоныс аударған. Өзгелері біртіндеп көшіріле береді. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді.

"Екі селоның тұрғындарын медициналық тексерістен өткіздік. Ғалымдарды, мамандарды, радиация және экология, гигиена және кәсіби аурулар, ядролық физика институттарының қызметкерлерін бұл жұмысқа тарттық. Олардың зерттеулерінің нәтижесін Прагаға, Мәскеуге, Обнинскіге жібердік, олар біздің мамандардың қорытындысын растады", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барасында Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Калачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдары тұрғындарының денсаулығын қорғауға қатысты мәселелерді тездетіп реттеу қажетін айтты. "Калачи ауылындағы құбылыстың себебі неден екенін әлі ешкім дұрыстап түсіндірген жоқ. Құзырлы органдар жағдайды анықтай алмаса, қажетті сарапшылары жоқ болса, онда шетелдіктерді шақырып, бұл істі соларға тапсыруы керек еді", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети