03 шілде 2020 09:15

Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" телеарнасының кадрлары "Астана" телеарнасының кадрлары

Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды қорқытып жіберді. Желіде тікұшақтардың бір зат сеуіп жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды қорқытып жіберді. Желіде тікұшақтардың бір зат сеуіп жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Роликтер Шымкент пен Маңғыстау облысында түсірілген деген болжам бар. Кейбір желі қолданушысы әуеден жәндіктерді улап, өсімдіктерді өңдеп жатыр деп болжаған. Басқалары мұны дезинфекция деп санайды. Ал үшінші нұсқа бойынша, атмосферада вирус тарап жатыр екен.

Қорғаныс министрлігі тікұшақпен зиян заттар шашып жатыр деген қауесетті жоққа шығарды. Ведомстводағылар әуе аппараттары дезинфекция үшін қолданылмайтынын айтты. Министрлік өкілдерінің сөзінше, бұл оқу-жаттығу болған. Ал белгісіз зат - өрт сөндіруге арналған кәдімгі су. 

"Апта сайын оқу-жаттығу ұшулары, соның ішінде орман және дала өрттерін арнайы төгу құрылғыларының көмегімен сөндіруге дайындық бар. Жаттығулар ұшу дайындығы мен әскери ұшқыштардың кәсібилігін арттыруға бағытталған", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети