ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2022 | 16:49
"Қаламқас" кен орнындағы өндіріс процесі тоқтаған жоқ
"Қаламқас" кен орнындағы өндіріс процесі тоқтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қаламқас" кен орнындағы өндіріс процесі тоқтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 қаңтарда "Қаламқас" кен орнында "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ, мұнай қызметі және мердігерлік ұйымдардың бір топ жұмысшысы жұмысқа шықпаған.
"Жағдайды реттеу үшін өндірістік басқарма басшылығы мұнайшылармен кездесті. Кездесуден кейін жұмысшылардың бір бөлігі кен орнында қалды", - деді компания өкілдері.
"Қаламқас" кен орнындағы өндіріс процесі тоқтаған жоқ, жұмысын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін "Теңізшевройл" митинг өндірістік қызметке әсер етпегенін хабарлаған еді.
Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы жағдайды қарау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Олар қазір белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также