04 қаңтар 2022 15:53

Митинг өндірістік қызметке әсер еткен жоқ - "Теңізшевройл"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

"Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС мұнай өндіру компаниясының қызметкерлері Маңғыстау облысында газ қымбаттауына қарсы наразылық акциясына қатысып жатыр, бірақ бұл компанияның өндірістік қызметіне әсер етпеді. Бұл туралы ТШО өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС мұнай өндіру компаниясының қызметкерлері Маңғыстау облысында газ қымбаттауына қарсы наразылық акциясына қатысып жатыр, бірақ бұл компанияның өндірістік қызметіне әсер етпеді. Бұл туралы ТШО өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Теңізшевройл" ЖШС Маңғыстау облысындағы бейбіт митингілерге қолдау білдіру үшін Теңіз кенішінде қосалқы мердігер компаниялардың бірқатар жұмысшысы жиналғанын біледі. ТШО-ның өндірістік қызметі әдеттегідей жалғасып жатыр", - деді компания баспасөз қызметіндегілер.

Компания хабарына қарағанда, "ТШО-ның еңбек қатынастары жөніндегі топтары мен мердігерлер бұл жағдайды тезірек шешу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр".

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы жағдайды қарау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Олар қазір белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети