Астана әкімі қала басшысы болғалы бері бүгін бірінші рет халықпен үлкен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әділбек Жақсыбеков Астананың экологиялық ахуалы туралы айта келе тұрғындарды таза ауа үшін күресуге шақырды.
Астана әкімі қала басшысы болғалы бері бүгін бірінші рет халықпен үлкен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әділбек Жақсыбеков Астананың экологиялық ахуалы туралы айта келе тұрғындарды таза ауа үшін күресуге шақырды.
"Астанадағы жекеменшік сектордағы көптеген үй кесек отынмен жылытылады. Сондықтан, қаланың үстіндегі қалың түтінді жиі көруге болады. Сонымен қатар, автокөліктер мен жылыту электр станциясынан шығатын улы заттармен біз қаламыздың мақтанышы - таза ауаны жоғалтып алуымыз мүмкін. Бұған қатысты шараларды қолға алып, таза ауа үшін күресті күшейту қажет", - деді әкім тұрғындарға.
Әділбек Жақсыбековтің ойынша, энергиямен жабдықтауға қатысты мәселерді шешуге жаңа тәсілдер қажет. Әкімнің айтуынша, қуаттың қарапайым өсімінің әрдайым келешегі бола бермейді. "Қала өскен сайын энергия қажеттігінің едәуір артатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп беріп отыр. Иә, біз энергиямен жабдықтауға және энергияның тиімділігін арттыруға қатысты шараларды инновациялық технологияларды енгізу арқылы жүргізіп жатырмыз. Энергияны тұрғындардың өздері инновациялық технологиялар мен экологиялық таза материалды қолдану арқылы ұқыпты пайдалануы тиіс. Бұны энергия ресурстарының бағасына байланысты ғана емес қоршаған ортаға қамқор болу жағынан да айтып тұрмын", - деді Жақсыбеков.
Астана әкімінің айтуынша, бұдан былай автокөліктерді техникалық байқаудың сапасын арттыру мен қаладағы мекемелер мен кәсіпорындан шығатын улы заттарды азайтуға қатысты жұмыстар істеледі. Сонымен қатар, экологиялық жобаларды дамыту жұмыстары да жалғастырылады - Талдыкөлде жиналған ағынды суларды жою, нөсер канализациясы нысандарының желілерін дамыту.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Астанада ЖЭС-1 мен ЖЭС-2-ні жаңғыртып, ЖЭС-3 құрылысының бірінші кезегін бастау жоспарланып отыр.