ҰҚК Астана, Алматы және тағы тоғыз облыстан тәркіленген қару-жарақты көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматыда және тағы тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.


"40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі", - делінген хабарламада


Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!