ҚР Президенті Әкімшілігі және БҚО әкімінің өкімі келісімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалияр Айтмұхамбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Президенті Әкімшілігі және БҚО әкімінің өкімі келісімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалияр Айтмұхамбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалияр Шадиярович Айтмұхамбетов 54 жаста. Екі жоғары білімі бар: Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "бухгалтер-қаржыгер", "құқықтану бакалавры" мамандықтарына білім алған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы "Қызылкөл" совхозында жұмысшы болып бастаған.
Жұмыс істеген орындары:
- "Қызылкөл" совхозы директорының жастар жқмысы жөніндегі орынбасары, Шыңғырлау ауданы № 2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Қалияр Айтмұхамбетов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.
Естеріңізге сала кетейік, әкім орынбасарының жаңа тағайындалуына дейін бұл лауазымды БҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Балтаев бес ай бойы атқарған еді.
Облыс әкімдігі облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың ҚР заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен жұмыстан шығарылғанын түсіндірді.
Балтаев 2021 жылдан бастап Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін ол Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы болған. 2013 жылдан 2017 жылға дейін "Орал" ӘКК басқарды. Аудиторлар осы кезеңде 895,4 миллион теңге қаржылық жетіспеушілікті анықтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!