"Калькулятор-қыз": Ақтаулық оқушы әлемдік рекордты орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Калькулятор-қыз": Ақтаулық оқушы әлемдік рекордты орнатты ©24.kz

Ақтаулық алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатқан команданың құрмында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатқан команданың құрмында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол әлемнің 150 білімді оқушысымен бірге 30 мың есепті бар болғаны 26 минут 26 секундта шығарған. Жаңа рекорд Ресейде өткен Еуразиялық әйелдер форумында орнатылды.

Балалардың ойлау жүйесіне арналған мұндай бағдарламамен Орынгүлдің оқып жүргеніне бірнеше жыл болған. Санаулы минуттардың ішінде-ақ есеп шығарғаны үшін сыныптастары оны "калькулятор-қыз" деп атайды екен. Әлемдік байқауға қатысу үшін Орынгүл бірнеше ай бойы күніне екі сағаттан жаттықан. 

"Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Солардың бірінде біз қарындашты бір-бірімізге бере отырып, есептерді тез арада шығардық. Бұл мен үшін өте пайдалы тәжірибе болды. Бірақ, болашақта мен математик емес, дәрігер болғым келеді", - деді оқушы. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети