ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов су тасуға қарсы қолданылған шаралар туралы премьер-министрге есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов су тасуға қарсы қолданылған шаралар туралы премьер-министрге есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, жасалған жұмысқа қарамастан кейбір су қоймалары қауіпті болып тұр.
"Бүгінде ірі су қоймалары еріген суларды қабылдай алады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасы 85 пайызға толды, Өскемендік - 97 пайызға. Қарағанды облысында Кеңгір су қоймасы 84 пайызға, Федоровское - 97 пайызға, Самарқанд - 75 пайызға. Қардың қатты еруі әлі алда", - деді Қасымов.
Министр аймақтардағы гидротехникалық құрылыстардың апаттық жағдайы туралы да айтты.
"Қазір аймақтарда 27 апаттық жағдайдағы гидротехникалық құрылыстар бар. Ақмола облысында - 11, Алматы және Қызылорда облыстарында төрттен, Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазастан облыстарында - екіден, Маңғыстау мен ОҚО-да бірден. Сонымен бірге, апаттық жағдайда емес, бірақ, жағдайы қанағаттанарлық күйге де жетпейтін, жөндеуді қажет ететін 380 гидротехникалық құрылыс бар", - деді министр.