Қалың қар және жел: 21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалың қар және жел: 21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет сейсенбі, 21 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет сейсенбі, 21 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с аралығында. Ауа температурасы -2...-4°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, таңертең тұман болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде -2...-4°C, күндіз +3...+5°C.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +4...+6°C.

Алматы облысында таулы аудандарда тұман, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с. Конаевта жауын-шашынсыз, түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы -1...-6°C.

Жамбыл облысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Таразда күндіз +8...+10°C, түнде 0...-2°C.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде -3...-8°C, күндіз 0...+3°C.

Қызылорда облысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +1...+3°C, түнде -1...-3°C.

Елдің көп аймағында ауа райы құбылмалы болып, қар, жаңбыр және көктайғақ күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети