Қалың қар жауып, күн суытады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалың қар жауып, күн суытады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы мен Астанада 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы мен Астанада 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан – алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде 0-2°C, күндіз 13-15°C жылы.

26 ақпан – бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты, көктайғақ. Кешке тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде 0-2°C, күндіз 6-8°C жылы.

27 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде 5-7°C аяз, күндіз 1-3°C жылы.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан – астанада ауа райы құбылмалы, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең әлсіз тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде 7-9°C аяз, күндіз 0-2°C жылы.

26 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде қар, тұман, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ. Жел шығыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 6-8°C аяз, күндіз -1°C - +1°C.

27 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде қар. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 11-13°C аяз, күндіз 6-8°C аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети