Қалыңдықтың ерекше ұзатылуы желіде қызу пікірталас тудырды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Қалыңдықтың ерекше ұзатылуы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қалыңдықтың ерекше ұзатылуы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қалыңдықтың отбасымен қоштасу сәтіндегі видеосы танымал болды. Дәстүрлі әннің орнына "Звери" рок-тобының "Районы-квартал" хит әні ойнады. Бұл видео миллионнан астам қаралым жинады. Айта кетейік, "сыңсу" желіде ғана емес, шара қонақтарының арасында да жақсы пікірге ие болды.

"Бұл менің ойымша дұрыс сияқты, ол жыламай жаңа өмірге аяқ басады", "Өте керемет! ол көз жасын көрсетпеді. Адамдардың көңіл күйін көтеріп, күліп кетті", "Өте дұрыс, жылау жоқ, бұл қуаныш"," Жыламайтын келінді бірінші рет көріп тұрмын. Ол шынымен үйленгісі келген шығар," "Жылағанды түсінбеймін", "Бұл олардың тойы, өздері нені қалайды соны жасайды", - деп пікір жазған желі қолданушылары.

Қолданушылар арасында "Сыңсу" дәстүрін ұнатпайтындар да болды. Соған қарамастан, бойжеткен желіге тек үзіндісін ғана салған.

"Дәстүр деген ұғым бар, біз оларды құрметтеуіміз керек", "Олар қызының сол күннен бастап үйінен кеткені үшін жылайды", "Білмеймін, менің ұзатылуымда осындай болғаны ұнайды", "Сосын ұлттық киім киюдің қажеті жоқ еді", "Дәстүріміз осылай бұзылып, жойылып барады", "Мен де әдемі кетіп, қайта келдім", - деп жазды ашуланған желі қолданушылары.

Қалыңдықтың айтуынша, шара басынан аяғына дейін дәстүрлі форматта өткен. Ал қалыңдық көңіл күйді көтеру үшін және отбасылық өмірге қадам басып жатқандықтан осындай ерекше форматта жасағысы келген.

"Күйеуім маған қамқорлық жасап, ұзатуда көп жыламауымды өтінді. Бірақ мен үйдің кенжесі болғандықтан, бәрібір көз жасым еріксіз төгілді. Соңында мен өзімді және келген қонақтарды қуантуды шештім," - деді ұзатылған қалыңдық.

Қалыңдықтың туыстары, сондай-ақ шараны жүргізген асаба да қыздың ерекше шығармашылығына тәнті болды.

"Біз өз идеямызды алдын ала ескерткен болатынбыз. Ата-аналарымыз өте жақсы қабылдады. Олар маған "бұл сенің тойың, жүрегің нені қалайды соны жаса" деді. Айтайын дегенім, той видеосын толығымен қарасақ, онда барлық қазақ дәстүрлері бойынша "сыңсу" айтылғанын көруге болады. Видеода жартысында музыка аяқталып, екіншісі ойнай бастады", - деді қалыңдық.

Видеоның осыншалық танымал болатынын білмеген Аина мұндайды күтпеген.

Аинаның айтуынша, заман өзгеріп жатыр, мен бұл өзгерістерді жасадым. Ешкім түпнұсқасын жойған жоқ. Екіншіден, мен болып жатқанның бәріне таңғалып отырмын! Мен әлеуметтік желіде танымал болдым да, басқа елге кеттім.

Аина шын жүректен әрбір қыздың отау құру бақытын сезінуін тіледі. Сондай-ақ желіде оның идеясын қолдаған қолданушыларға ол алғысын білдірді.

"Күйеуім екеуміз пікірлерді оқып, күлдік. Бірақ біз ешқандай жаман пікірлерге мән бермейміз. Қыз сүйгеніне тұрмысқа шыққанда бақытты болып, жыламау керек. Қыз үйде қонақ, сондықтан әдемі кету керек деп ойлаймын", - деді Аина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro