ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2019 | 17:33
Қамауға алынған бас дәрігер Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бостандыққа шықты
Алматыдағы № 4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қолхатпен бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның адвокаты Қайрат Байбазаров мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы № 4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қолхатпен бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның адвокаты Қайрат Байбазаров мәлімдеді.
2019 жылы 22 қыркүйекте Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қанат Тезекбаевты екі айға қамауға алуды санкциялаған. 25 қыркүйекте адвокат сот шешіміне шағымданып, қаулы күшін жойған. "Қанат Тезекбаев аппеляцияны қарауға қатысқан жоқ. Оны жақын арада тергеу изоляторынан шығарады", - деді Байбазаров.
Мұның алдында № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған.
Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған Қанат Тезекбаевқа қолдау көрсетіп жатыр.
Дәрігердің жары кейін президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді.
Показать комментарии
Читайте также