Камерасы бар патрульдік көліктер қай өңір жолдарында жүреді?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камерасы бар патрульдік көліктер қай өңір жолдарында жүреді? Lada.kz

Қазақстанның үш облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде 22 патрульдік көлік арнайы камера жүйесімен жабдықталған. Оның он төрті - Қарағанды ​​облысында, алтауы - Қостанайда, екеуі - Ақмолада. Олар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтап, деректерді бірден республикалық орталыққа жібереді.

"Мәліметтер Бас прокуратураның жанындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі. Мәліметтерді  орталықтандырылған жүйеге жіберудің бүкіл процесі толығымен автоматтандырылған. Бұл адам факторының іс жүргізудің объективтілігіне, нақтылығына және толықтығына әсерін болдырмайды", - деп хабарлады ІІМ.

Жыл басынан бері бұл камералар 11 мыңнан аса жылдамдықты бұзу дерегін анықтаған.

"Патрульдік көліктерде орнатылған камералар толығымен автоматтандырылған. Қызметкерлердің түзетулер енгізуге, жазылған фото және бейне мәліметтерді, танылған нөмірлік белгілерді, анықталған жылдамдықты бұзу деректерін бұрмалау немесе жою мүмкіндігі жоқ", - деп толықтырды министрлік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети