Кәмпиттердің арасынан өлі құс табылған астаналық супермаркетке тексеріс жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәмпиттердің арасынан өлі құс табылған астаналық супермаркетке тексеріс жүргізіледі Facebook.com/Altynay Kevnish

Кәмпиттердің арасынан өлі құс табылған астаналық супермаркетке тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бесшысының орынбасары Федор Пеев айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәмпиттердің арасынан өлі құс табылған астаналық супермаркетке тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бесшысының орынбасары Федор Пеев айтып берді.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісіне бірнеше күн бұрын Altynay Kevnish есімді қолданушы Астанадағы супермаркеттердің бірінде кәмпиттердің арасында өлі құстың жатқаны түсірілген суретті жүктеген болатын. Қолданушы тілшіге берген сұхбатында суреттің Уәлиханов көшесінде орналасқан Green супермаркетінде түсірілгенін айтты.

"Оқиға сенбі күні кешкі уақытта болды. Мен өзім жиі келетін осы дүкеннен зат сатып алуға келдім. Кәмпит таңдап жатқан кезде онда құстың жатқанын көрдім", - деді Алтынай.

Ол өлі құстың жатқанын көрсе де, кәмпитті сатып алғанын, бірақ оны басқа себеттен таңдағанын айтты. Қыз көргенін дүкеннің әкімшілігіне де, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне де хабарламаған.

Департамент басшысы оынбасарының айтуынша, қыз шағымды бүгін ғана жазды.  

"Қыз арызды бүгін жазды. Енді біз тексерісті прокуратурада тіркейміз. Ертең нысанды тексереміз, басқа да бұзушылықтар болуы мүмкін. Олар осы дерек бойынша айыппұл төлейді, ірі кәсіп болғандықтан айыппұл көлемі 120 АЕК болады", - деді Пеев.

Ол қатарынан болған бірнеше бұзушылықтан кейін Департамент прокуратурамен бірге осы супермаркеттің жұмысын тоқтатуға қатысты шешім қабылдайтындарын айтты.

"Алдыңғы дерек бойынша біз оларға екі рет жаза тағайындадық. Дегенмен қатарынан мұндай бұзушылықтар бізде болған жоқ. Прокуратурамен бірге мәселені талқылаймыз", - деді Пеев.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында жемістердің ортасында егеуқұйрықтың жүргені түсірілген сурет Интернетте кеңінен талқыланған еді. Суретті астаналық азамат жүктеді. Осы дерек бойынша сауда үйінің басшылығына әкімшілік жаза тағайындалып, олар 120 АЕК көлемінде (шамамен 240 мың теңге) айыппұл төледі.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети