Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Ресейде адамға жұққан кезде жөтелден қан түкіріп, дене қызуы жоғарылайтын белгісіз вирус пайда болғанын жазған еді. Редакция бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінен сұрап көрді.

Министрлік Ресей Федерациясының адам құқықтарын қорғау және тұтынушылардың әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің (Роспотребнадзор) мәліметтеріне сүйене отырып, жаңа вирус тіркелгені туралы ақпараттың жоқ екенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне де жаңа вирустардың тіркелуі туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Аталған симптомдары бар (қан түкіру, температураның көтерілуі – еск.) жағдайлар тіркелмеген", – деп жауап берді министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына.

Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиялық маусым басталғалы бері елде жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 3,8 миллионнан астам жағдайы тіркелген, өткен эпидемиологиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 14 пайызға төмендеген.

Коронавирусқа келетін болсақ, эпидемиологтар оны да апта сайын бақылап отырады. Соңғы мониторинг нәтижелеріне сәйкес, "омикрон" нұсқасының келесі қосалқы түрлерінің айналымы анықталған: LF.7.1 – 33,3 пайыз, KS.1.1.2 – 27,8 пайыз, MJ.1.1 – 11,1 пайыз, басқа штамдар – 27,8 пайыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейде белгісіз вирус пайда болғаны туралы хабар тараған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, науқастар бастапқыда әлсіздікті сезінеді, бірақ бірнеше күннен кейін жағдайы нашарлап, төсектен тұра алмайды, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болады.

Алайда Роспотребнадзор мәлімдеуінше, тұрақты эпидемиологиялық мониторинг пен геномдық қадағалау барысында жаңа вирустар немесе маңызды мутациялары бар вирустар анықталмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети