16 наурыз 2017 | 12:43

Канадада қамауға алынған Қазақстан тумасы Карим Баратов кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/Карим Баратов © Instagram/Карим Баратов

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге және көршілерінің айтуына қарағанда, АҚШ-та 2014 жылы Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталып отырған Карим Баратов (Канаданың азаматы және Қазақстанның тумасы, 22 жаста) қымбат көліктер мініп, Анкастердегі (Онтариодағы канадалық провинция) кештерге барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге және көршілерінің айтуына қарағанда, АҚШ-та 2014 жылы Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталып отырған Карим Баратов (Канаданың азаматы және Қазақстанның тумасы, 22 жаста) қымбат көліктер мініп, Анкастердегі (Онтариодағы канадалық провинция) кештерге барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карим Баратов АҚШ-тағы Әділет департаменті жүргізген тергеу бойынша кибершабуылдар жасады деген төрт күдіктінің бірі ретінде ұсталып отыр.

Торонто полицейлерінің мәліметінше, Баратов АҚШ билігінің өтініші бойынша Анкастердегі үйінде сейсенбі күні таңғы сағат 8.00-де қамауға алынған.

"Сондай-ақ, Торонтоның іздестіру жасағымен халықаралық тергеуге көмектесуді сұраған бірнеше агенттік байланысқа шыққан. Олардың мақсаты Карим Баратовты тауып, қамауға алу болған еді", - деді Global News агенттігіне Торонто полициясының өкілі Марк Пугаш (Mark Pugash).


Карим Баратовтың Анкастердегі үйі (Онтарио, Канада) © Global News

Ал Карим Баратовтың көршісі Керри Картер оның осыдан шамамен екі жыл бұрын көшіп кеткенін және оның үнемі қымбат көліктермен жүріп, шулы кештерден қалмайтын адам болғанын айтқан.


© Instagram/Карим Баратов

"Баратовтың ата-анасы оған үй сатып алып берді немесе ол ақшаны басқаша тауып жүрді. Себебі ол жұмыс істейтін адамға ұқсамайды. Күні бойы қалада көлігімен жүретін. Көліктерін де жиі ауыстыратын. Қалада және Анкастер маңында құрбыларымен көлік айдап жүретін", - деді Баратовтың көршісі Global News журналистеріне.

Баратовтың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оған тиесілі жоғары класстағы қымбат көліктерді -  Mercedes, BMW, Aston Martin, көк түсті Lamborghini мен қара түсті Porsche көлігін көруге болады.


© Instagram/Карим Баратов

Сондай-ақ, оның Instagram желісіндегі суреттері күдіктіде жалған тапанша, ішінде ірі сомадағы ақша бар сөмке мен сирек шығарылатын кітаптары бар екенін көрсетеді. Баратов парақшасында өзі жайлы былай деп жазыпты: "Еңбекқор. Ойламаған жерден суретші болған адам (түпнұсқасы: "Workaholic. Occasional drawer. Gym rat")" деп жазған. Сонымен қатар, Баратовтың Instagram желісіндегі соңғы суретінде оның қамауға дейін бір күн бұрын Торонто мейрамханасында түскен суреті жарияланған.


© Instagram/Карим Баратов

Ал Ask.fm әлеуметтік желісінде Баратов "алғашқы миллионды" 15 жасында "онлайн қызмет көрсету" жүйесінде жұмыс істеп жүргенде алғанын айтады. Сондай-ақ, Facebook желісіндегі парақшасында Баратовтың хостинг қызметін көрсететіні жайлы жазылған.

Баратов Facebook желісіндегі парақшасында бұрынғы досына өлтіремін деп қорқытқаны үшін сабақтан шеттетілгені жайлы жазған. Ол осыған байланысты мектептен шығарылғанын айтады.

"Мектептен тыс уақытта мен 24 сағат бойы, аптасына 7 күн бойы онлайн жобаларыммен айналыса алдым. Соның нәтижесінде бизнесімді жаңа деңгейге көтердім. Жоғары сыныптарда оқу үлгерімім жақсы болды. Бұл BMW 7 көлігімен жүруге және бірінші үйімнің ипотекасынан құтылуға мүмкіндік берді", - деп жазған ол.

 
© Instagram/Карим Баратов

Ал Торонтодағы Cytelligence халықаралық компаниясының киберқауіпсіздік сарапшысы Даниэль Тобок (Daniel Tobok) Баратовтың "хакерлік қауымдастыққа" онша танымал емес екенін айтып өтті.


©Instagram/Карим Баратов

Еске сала кетейік, осыған дейін Канадада Қазақстанның 22 жастағы тумасының қамауға алынып, ҚР СІМ өкілдерінің мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын. Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен. "Ол 2011 жылы республика заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтығынан айырылған", - деген еді СІМ өкілдері. Айта кетейік, Yahoo компаниясы аккаунттарына шабуылдар жасалғаны жайлы былтыр белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети