28 сәуір 2021 | 09:41

Канадалық компания Қазақстанға 500 мың доллар шығын өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық World Wide Minerals компаниясы Қазақстанға 500 мың доллар төледі. Бұл Англияның Жоғарғы сотында төрелік шешімді даулау үшін елге келген шығын мен залал мөлшері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Канадалық World Wide Minerals компаниясы Қазақстанға 500 мың доллар төледі. Бұл Англияның Жоғарғы сотында төрелік шешімді даулау үшін елге келген шығын мен залал мөлшері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2020 жылдың 23 қарашасында Англияның Жоғарғы соты World Wide Minerals компаниясымен дау бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Сот шығындар мен залал мөлшері бойынша 2019 жылғы арбитраж шешімін жойып, істі трибунал қарауына жіберді.

"Төрелік шешімді ескере отырып, талапкерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетіне апелляциялық шағым беру процесінде келген шығындар үшін 500 000 доллар өтеді.

Талапкерлер Англияда арбитраж сот шешімін мәжбүрлеп орындау туралы талаптан бас тартты. Осыған байланысты олар Қазақстан Республикасына келтірілген шығындарды төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта тараптар осы шығындарды өтеу мәселесін талқылап жатыр", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бастапқыда Қазақстанға қарсы арбитраж сотының талап сомасы 1,9 миллиард доллар болған.

Даудың мәні

2013 жылдың желтоқсанында канадалық World Wide Minerals Ltd компаниясы мен оның президенті Пол Кэролл Қазақстанға қарсы инвестициялық талап арыз берген. Талаптың бастапқы сомасы 1,9 миллиард доллар болды. Даудың мәні 1996-1997 жылдар аралығында Ақмола облысындағы кен-химия комбинатын талапкерлердің сенімгерлік басқаруы бойынша болған.

Трибунал 2019 жылғы 29 қазанда канадалықтарға талаптың негізгі сомасының бір пайызынан азын берген болатын.

Ал 2019 жылдың қарашасында Қазақстан Англияның Лондондағы Жоғарғы сотына өтініш берді. Республика төрелік шешімге қорытынды дайындау және залалды бағалау кезінде трибунал жол берген заңбұзушылықтарға дау айтты.

2020 жылғы қарашада Жоғарғы сот Қазақстанның өтінішін қолдап, төрелік шешімнің күшін жойды. Іс трибуналдың қарауына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети