Павлодар облысының бұрыны әкімі Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысының бұрыны әкімі Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Президенттің Жарлығында.
Ол ведомствоны 2014 жылдың тамызынан берген басқарып келген Владимир Школьниктің орнына келді.
Еске салайық, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалған еді. Оған дейін 2009 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысының әкімі болып келді. Одан ертеде әр жылдары ұлттық компанияларда, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және сауда министрлігінде қызмет атқарды.
Ал Школьник бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясын бес жылдан аса уақыт басқарған еді. Ол 2006-2007 және 2008-2009 жылдары екі мәрте индустрия және сауда министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі (2007-2008), ал 2000-2006 жылдар аралығында энергетика және минералды ресурстар министрі болған еді.