Қанат Таймерденов Алматы полициясының басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Таймерденов Алматы полициясының басшысы қызметінен кетті Фото: polisia.kz

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қанат Таймерденов ІІМ орталық аппаратына басшылық қызметке ауыстырылды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Қанат Таймерденов Алматы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан басқарды.

Ол 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы ІІБ ТБҚ 2-бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы ІІБ ЖПБ ерекше маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Алматы қаласы ІІД ЖБҚБ бастығының орынбасары, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жетісу ауданы ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети