04 сәуір 2020 | 19:57

Қандастар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Этникалық қазақтар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Этникалық қазақтар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлына сілтеме жасап.

Қауымдастық өкілінің айтуынша, тұрақты тіркеуде тұрып, әлеуметтік аударым жасаған қандастарға да Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі.

"Құрметті қандастар, толық ақпарат алу үшін біздің 1404 нөміріндегі Байланыс орталығына (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) хабарласуға болады немесе сұрақтарыңызды осы жерде қоя аласыздар!", - дейді ол.

ҚР Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыз күнгі № 110 бұйрығының 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшалары және 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады", - дейді Төлеуұлы.

Осыған байланысты әлеуметтік төлемге ие болатын адамдар 42 500 теңгені алуға өтініштерін екі тәсіл бойынша бере алады:

1) Жұмыс беруші атынан осы бұйрықтың № 2 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;
2) Өз атынан:
а) Осы бұйрықтың № 3 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;
б) Осы бұйрықтың № 2 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады.

Ол үшін азамат өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс. Кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды. Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады.

Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 525 адам коронавирус жұқтырған, 36-сы айықты және бесеуі қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети