Астана қалалық білім басқармасы елордадағы оқу орындарында сабақты кейінге қалдырудың өлшемдерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қалалық білім басқармасы елордадағы оқу орындарында сабақты кейінге қалдырудың өлшемдерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықтарын сақтау мақсатында білім беру ұйымдарында сабақты кейінге қалдырудың Астана қаласы әкімдігімен бірге келісілген параметрлері бар: секундына 2 метрге жететін және одан асатын жел кезінде ауа температурасы 25 градус және одан төмен болған жағдайда 1-4 сыныптарда; секундына 2 метрге жететін және одан асатын жел кезінде температура 30 градус және одан төмен болғанда 1-11 сыныптарда; жел екпіні секундына 15-20 метрден асқанда, температура жоғарылағанда (екпінді жел, боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) колледждерде (1-2 курстар) сабақ тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Білім басқармасы сабақтың кейінге қалдырылуы туралы ақпаратты қайдан алуға болатынын хабарлады. ""31 арна" мен СТВ-да 6.45-тен 7.00-ке дейін (І ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (ІІ ауысым) жүгіртпе жолмен, сонымен бірге, "Алма ТВ", Астанателеком Digital ТВ ақпараттық кабельді арналардағы хабарландырулар түрінде және "Хабар", "Қазақстан-1", "ОРТ Қазақстан", "Астана ТВ" , КТК, НТК" арналарында "дауыстық қамту" жолымен беріледі", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.
Сонымен бірге, сабақтың кейінге қалдырылуы туралы ақпаратты "Радио-Астана", "Ретро-FМ", "Қазақстан-РВ", "Авторадио", "Шалқар" радиотолқындары арқылы; 118-01 ( 9.00-18.00 аралығында ), 169 (тегін), 109 (ұялы телефоннан тегін) телефон нөмірлеріне хабарласып және Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтынан 6.45-тен бастап (І ауысым) және 11.45-тен бастап (ІІ ауысым) алуға болады.