30 шілде 2018 | 14:43

Қандай жағдайларда пышақ суық қару болып саналады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Ішкі істер министрлігінде Денис Теннің өлімі бойынша өткен брифингте күдіктіден табылған пышақтың суық қару саналмайтыны айтылған болатын. Қару суық болмаған жағдайда иесіне қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды екен. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі пышақ алып жүрген адамның қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін сұрап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінде Денис Теннің өлімі бойынша өткен брифингте күдіктіден табылған пышақтың суық қару саналмайтыны айтылған болатын. Қару суық болмаған жағдайда иесіне қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды екен. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі пышақ алып жүрген адамның қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін сұрап көрді.

Заңгер Максим Мостовичтың айтуынша, пышақтың суық қару екенін бірнеше белгі арқылы анықтау болады және оны тек мамандар анықтай алады. Ол белгілердің ішінде материалдың тығыздығы, қайрайтын жерінің болуы, пышақтың жүзі мен сапының ұзындығының ара қатынасы, пышақтың кіріп кету тереңдігі, жүзі мен сапының арасында пластинаның болу-болмауы және тағы басқа белгілер.

Мұнда заңгер суық қарудың барлық талабына сәйкес келетін пышақтардың кейбіреулерінің жүзінінің ұзындығы қысқа болса, ол пышақтың суық қару саналмайтынын айтып өтті. Айтуынша, оны суық қару деп айтуға болмайды. 


© orinfo.ru

Заңгердің айтуынша, суық қаруларға қойылатын талаптар жайлы мәлімет Ішкі істер министрлігінің 2015 жылдың 16 наурызындағы № 295 бұйрығында көрсетілген. Онда жарияланған мәліметтерге сүйенсек, заттың суық қаруға жататыны немесе жатпайтыны жайлы сұрақтар туған жағдайда тексерістер жүргізіледі. Содан кейін ғана оның қандай қару саналатынын айтылады.

Сондай-ақ, маман суық қаруға қатысы жоқ заттардың азаматтық айналымда саны шектеулі заттарға жатпайтынын айтады. Айтуынша, ол заттарды адамдар өзімен бірге алып жүре алады. Оған ешкім тыйым сала алмайды: аспазға өзімен бірге жұмысқа пышақ алып жүруге немесе балықшыға балық тазалау үшін кішкентай пышақ алып жүруге тыйым салынбайды.

Дегенмен ол өзімен бірге пышақ алып жүрген кезде - ол суық қаруға жатпаса да проблемалардың туындауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Қандай жағдай болсын, суық қару деген түсінікті тек зертханалардағылар немесе арнайы мамандар анықтай алады", - деп қорытындылады маман.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети