"Қандай керемет". Сарбаздың балаға көрсеткен қамқорлығы Қазнетті тәнті етті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қандай керемет". Сарбаздың балаға көрсеткен қамқорлығы Қазнетті тәнті етті Видео кадры

Желіде Ұлттық ұлан сарбазының баланы көтеріп тұрған видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Tengri Lifestylе тілшілері оқиғаның мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Ұлттық ұлан сарбазының баланы көтеріп тұрған видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Tengri Lifestylе тілшілері оқиғаның мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Видеода сарбаз кішкентай қызды көтеріп, тоңып қалмасын деген оймен оны капюшонымен жауып қояды.  

"Ұлттық ұлан алға. Менің ұлымда ұланнан желтоқсанда оралады... Алла амандығын берсін", "Қандай керемет", "Қарындасын сағынған ғой", "Мына сарбаздың қамқорлығына мін жоқ, жарайсың", - дейді Желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ (@national_guard_kaz)

Редакция тілшілері Ұлттық ұланның баспасөз қызметімен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтады. 

"Сарбаз Сабыржан Болатбекұлы суық асфальтта ұйықтап жатқан баланы байқап, көтеріп алды. Осылайша, баланы төрт сағаттай көтеріп тұрған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. 

Сарбаздың сөзінше, ол баланы кешкі сегіз жарым шамасында байқап қалған.  

"Ол күні адам көп болды. Қазір де тыныш заман емес. Бала жоғалып кеткен немесе зорлық көрсетілген деректер бар. Сондықтан сержант Дамир Халиевке ескертіп, баланы қасымызда алып қалдық. Баланы жақын жердегі полиция бекетіне апаруға мүмкіндік болмады", - дейді сарбаз. 

Сабыржан Болатбекұлының сөзінше, күнделікті өмірде бала жоғалу деректері кездесіп тұрады, сондықтан ол баламен қалай сөйлесу керегін біледі екен. 

"Жан-жағыңа қарайлап отыр, ата-анаңды көріп қалатын шығарсың" дедім. Ол іздеп жатып ұйықтап қалды. Сахнада біреу баланың жоғалғанын хабарлайтын шығар деп ойладық, бірақ олай болмады", - дейді сарбаз. 

Баланың ата-анасы түнгі он бірден кейін, концерт аяқталғаннан кейін табылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети