Қандай қызметте болсам да Елбасының қолдауын, демеуін көріп келемін - Ерлан Қарин

10 Ақпан 2017, 22:59
1
Қандай қызметте болсам да Елбасының қолдауын, демеуін көріп келемін - Ерлан Қарин - Ерлан Қарин
Ерлан Қарин

Таяуда "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! "Қазақстан" Телерадиокорпорациясы - Қазақ ақпарат кеңістігінің қара шаңырағы. Бұл жерде Қазақ руханиятына қызмет атқарған, еліміздің ақпарат саласына еңбегі сіңген көптеген әйгілі тұлғалар, қазақ журналистикасының майталмандары қызмет атқарды. Еліміздегі ең ірі медиа құрылымда қызмет атқару - бірнеше ұрпақтың тағдырына жалғасқан сабақтастықты көтере білу, әрі иісі қазақтың алдында жауапкершілік жүгін арқалаумен тең. Ең алдымен, осындай жауапты жұмысты сенім артып тапсырған Елбасыға алғыс айтқым келеді. Қандай қызметте болсам да Елбасының қолдауын, демеуін көріп келемін. Бұл жолы да Мемлекет басшысының сенімінен шығуға тырысамын", - деп жазды Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, ол корпорация құрамы өте үлкен екенін, жалпы саны 2 мыңнан астам адам қызмет ететінін еске салды. "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы, "KAZsport" телеарнасы, "Балапан" телеарнасы, Қазақ радиосы, "Шалқар" радиосы, "Астана" радиосы, Class ic радиосы секілді өз аудиториясын қалыптастырған, көрермендері мен тыңдармандарына сапалы контент ұсынып келе жатқан үлкен жобалар. Одан бөлек аймақтық арнамыз бен бірнеше интернет сайт жұмыс істейді", - деп жазды ол.

Айтуынша, телерадио кешені бұған дейін де журналистиканың, ағартушылықтың, ел дамуындағы биік жетістіктерді көрермен қауымға жеткізудің бірегей қайнары болып келді. "Алдымызда ұжымның жұмысын одан әрі жетілдіру, дәстүрін сақтау арқылы замана көшіне ілесіп, талғампаз көрермендердің үдесінен шығу, бүгінгі медианың барлық талаптарына жауап беру міндеті тұр. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мырза телерадиокорпорацияның алдында нақты жаңа басымдықтарды айқындады", - деген ол жүктелген жаңа міндеттерді атқаруға бар күшін салатынын айтты.

"Маған сенім артып, қолдау білдірген барша достарыма, бұған дейін қызметтес, әріптес болған барлық жандарға алғыс айтамын. ҚСЗИ ұжымына, осы сала бойынша әріптес болған тұлғаларға ерекше ризашылығымды білдіремін. ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында екі жарым жыл ішінде әріптестердің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында табысты жұмыстар атқардық. Алдағы уақытта да әріптестік байланыста боламыз деген сенімдемін", - деді "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы.

Еске салайық, Ерлан Қарин кеше, 9 ақпанда "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. "Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ. Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін", - деп жазған еді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай