Қаржылық және психологиялық тұрғыдан қандай несиелерді қайтару қиын және мұндай қарызды төлеуге қалай дайындалу керек? Бұл сұраққа ресейлік тәуелсіз қаржы кеңесшісі Ольга Трофименко жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Қаржылық және психологиялық тұрғыдан қандай несиелерді қайтару қиын және мұндай қарызды төлеуге қалай дайындалу керек? Бұл сұраққа ресейлік тәуелсіз қаржы кеңесшісі Ольга Трофименко жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Сарапшының ойынша, демалуға, көңіл көтеруге және мерекелерге жұмсалған ақшаны қайтару қиын. Себебі қуанышты сәттер артта қалып, несие бойынша пайыздарды төлеу бірнеше айға немесе тіпті жылдарға созылған кезде, адам қаржылық қана емес, психологиялық ауыртпалықты да сезінеді, дейді сарапшы.
"Ең жағымсыз несие - ойын-сауыққа жұмсалғандар: демалыс, үйлену тойы, саяхат. Ақшаны бір рет алып, үш жыл төлейсіз делік. Бұл әсіресе несиеге қызмет көрсету кірістер мен шығыстардың арақатынасын айтарлықтай өзгертсе өте жаман. Ал адам ай сайын ипотека, оған қоса жалдамалы пәтерге төлесе, үйлену тойынан немесе демалыстан кейін 2-3 айдан соң несиені тұрақты жабу моральдық тұрғыдан қиынға соғады", - деді Ольга Трофименко.
Несие картасын пайдаланып, бір нәрсе сатып алу да, адамды байқаусызда "несие қақпанына" түсіруі мүмкін, деп ескертті қаржы кеңесшісі.
"Банктер қолдана алатын лимиттерді жиі арттырып отырады, ал адам несие картасымен төлем жасағанда, қанша ақша жұмсағанын сезбей қалады. Әдетте несие картасын қажетті заттарды емес, импульсивті, кенеттен алған заттарды төлеу үшін қолданады", - дейді Ольга Трофименко.
Маманның айтуынша, несиелік төлемдер кірістің 30 пайызынан аспауы керек. Болашақта әртүрлі күтпеген жағдай туындауы мүмкін екенін ескеру қажет және өзіңе көп міндет алмаған жөн, дейді қаржылық кеңесші.
"Кез келген несие алмас бұрын, өз мүмкіндігіңізге, несие тарихыңызға қараңыз. Қазір несие төлеу қиындық тудырмаса да, артық ақша сақталғаны дұрыс, ол күтпеген жағдайларда көмек болады. Ай сайынғы максималды төлем алмауға кеңес беремін. Одан гөрі ыңғайлы тарифын таңдап, мүмкіндігінше мерзімінен бұрын қарыздан құтылған дұрыс", - деп кеңес берді Ольга Трофименко.
Маман несие бойынша ай сайынғы төлем кірістің 50 пайызынан асып кеткені қауіпті екенін айтты. Себебі адам мұндайда алдыңғы қарыздарды өтеу үшін жаңа несие алады, дейді сарапшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!