06 маусым 2016 | 19:00

Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтап алғысы келеді - Құл-Мұхаммед

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nurotan.kz © Nurotan.kz

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбеде болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үндеу партияның ресми сайтында жарияланды.


Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбеде болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үндеу партияның ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан мұсылмандары мен бүкіл ислам дүниесі барша айлардың сұлтаны - қасиетті Рамазан айында өтетін оразаға дайындалып жатқанда Ақтөбе қаласында жантүршігерлік лаңкестік оқиға болды. Сіздер мен біздің бауырларымыз - бейкүнә жандар жазықсыз құрбан болып, оққа ұшты. "Нұр Отан" партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Біз әкесінен, бауырынан және баласынан қапыда айырылған сіздердің әрқайсыларыңыздың қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздермен бірге біз де аза тұтамыз. Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтап алғысы келеді", - деді ол.

Құл-Мұхаммед мұндай адамгершіліктен мүлде ада іс-әрекеттердің мүбәрак дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айрықша қайталап айтты. "Нағыз мұсылман үшін ислам - әрдайым бейбітшіліктің, мейірімділіктің, төзімділіктің және өзара құрметтің діні болып қала береді. Біз туған Отанымыздың тағдырын ойлайтын бүкіл халықты бірлік пен берекеге шақырамыз", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

"Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылықтар саналатын тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім Елбасымыз ұстанған Қазақстанның нығаюы, өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек. Бүкіл отандастарымызды ағайынның бірлігін, еліміздің тыныштығын, халқымыздың татулығын көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта беруге шақырамыз. Тек бірге, тек татулықта, тек өзара сыйластықта ғана біз кез келген қиындық пен кедергіні еңсере аламыз. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын!", - деді ол.

Еске салайық, кеше, 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети