Каннабиске инвестиция: Көкшетауда қаржы пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каннабиске инвестиция: Көкшетауда қаржы пирамидасы әшкере болды

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетаудағы S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетаудағы S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар S-Pharmaceutical және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен, салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен.

"Қатысу үшін сайтта тіркеліп, кем дегенде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген. Айта кетсек, күдіктілердің бірі бұған дейін Life Is Good және Finiko қаржы пирамидаларына қатысып, онда табыс тауып, кейін осындай схема арқылы өз жобасын құрған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған, оларға соттың санкциясымен тыйым салынды.

"Үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды".

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети