Қанша қазақстандық автокөлікті онлайн қайта тіркеу қызметін қолданды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық автокөлікті онлайн қайта тіркеу қызметін қолданды? Фото:elements.envato.com

Смартфондардағы онлайн-қызметтер іске қосылғаннан бастап оларды жеті миллионнан аса адам пайдаланды. Оның 5,3 миллионы автокөлікті сатушылар мен сатып алушылар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Смартфондардағы онлайн-қызметтер іске қосылғаннан бастап оларды жеті миллионнан аса адам пайдаланды. Оның 5,3 миллионы автокөлікті сатушылар мен сатып алушылар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын автокөліктерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға алты миллионға жуық қазақстандық келеді. Әрине, бұл өз кезегінде ХҚКО-ға ұзақ уақыт жүріп бару, онда кезек күту, автокөлік сатушысымен есеп айырысу үшін өзімен бірге үлкен көлемде ақша алып жүру сияқты қолайсыздықтар туғызды.

Осыған байланысты ІІМ банктердің мобильді қосымшаларында автокөліктерді онлайн-режимде қайта тіркеу сервисін іске қосты. Аталмыш сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын/сатылатын автокөлікке салықтарды немесе айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған көлік құжаттары мен таңдалған нөмірді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклын ұсынады.

ІІМ осы қызметті мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс жүргізген. Сонымен қатар, ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр. Барлық мемлекеттік орган ішінде ІІМ халыққа қажетті қызметтердің басым бөлігін көрсетеді. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану мемлекеттік органдармен тікелей байланысуды керек етпейді, сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфонизациялауды қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети