Қанша қазақстандық айына 3 миллион теңгеден жоғары жалақы алады? Вице-министр жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық айына 3 миллион теңгеден жоғары жалақы алады? Вице-министр жауабы Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жоғары жалақы алатындар үшін салық салу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жоғары жалақы алатындар үшін салық салу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әмриннің айтуынша, салық мөлшері айлық табысқа емес, жылдық жиынтыққа қарай есептеледі.

"Жалақы бойынша үдемелі салық болады. Онда меже сәл өзгеше: жылына 33 миллион теңгеге дейін – 10 пайыз, 33 миллионнан жоғары – 15 пайыз. Иә, Қазақстанда мұндай жалақы бар, бұл шамамен айына 3 миллион теңге. Салықтық есеп бойынша 3 миллион теңгеден жоғары жалақы алатын жалдамалы жұмыскерлер саны – шамамен 26 700 адам. Есеп айлық емес, жылдық табысқа қарай жүргізіледі. Мысалы, егер менің жалақым жылына 33 миллион теңгеге дейін болса – 10 пайыз, одан жоғары болса – 15 пайыз мөлшерінде", – деді Амрин Мәжіліс кулуарында.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберіледі. Негізгі өзгерістер: ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі, ал ҚҚС бойынша шекті мөлшер 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети