Қанша қазақстандық қоғамнан оқшауланған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық қоғамнан оқшауланған? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Қазақстандағы түрмелерде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Қазақстандағы түрмелерде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК мәліметі бойынша, Қазақстанда 63 түзеу мекемесі мен 17 тергеу изоляторы бар.

"Қазіргі уақытта онда 29 мыңға жуық ер, 2 мың әйел және 52 кәмелетке толмағандар жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады ведомство Tengrinews сауалына берген жауабында.

Көп жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ алаяқтық сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар отыр.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды 28 мыңға жуық ер адам, 3,5 мың әйел және 143 кәмелетке толмағандар өтеп жатыр.

Алматы облысындағы №10 әйелдер мекемесінде әйелдер мен олардың балаларының бірге тұруына арналған балалар үйі ұйымдастырылды. Онда 44 бала бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети