Қанша қазақстандық коронавирустың "Эрис" штамын жұқтырған?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық коронавирустың "Эрис" штамын жұқтырған? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бүгінде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызы жаңа "Эрис" штамын жұқтырған. Бұл туралы бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бүгінде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызы жаңа "Эрис" штамын жұқтырған. Бұл туралы бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір ауруханаларда коронавирус диагнозымен 23 адам жатыр.

"Қыркүйектегі сынама бізде әлі де 100 пайыз "Омикрон" және бірнеше "Омикрон" нұсқасы бар екенін көрсетті. "Эрис" жаңа штамы ("Омикронның" түрлері. - еск.) 25 пайыз болады", - деді Есмағамбетова мәжіліс кулуарында.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайының нашарлауы байқамалмайды. Есмағамбетова қазір ауруханаға жатқызу және өлім дерегі жоқ екенін айтты.

"ӨЖЖ аппаратына қосылған ауыр науқастар жоқ. Қазір карантин шектеулері туралы мәселе жоқ, өйткені карантинді енгізу денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсірумен байланысты. Бұл екі көрсеткіш: 100 мың тұрғынға шаққандағы ауруханаға жатқызу көрсеткіші және репродуктив көрсеткіші. Шектеу шараларын енгізуге ешқандай белгілер жоқә, - деп қосты бас санитария дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети