09 мамыр 2023 | 13:02

Қанша қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталған?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталған қазақстандықтар туралы мәліметтермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросы Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталған қазақстандықтар туралы мәліметтермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңіс
Жеңіс есімімен елімізде – 11 176 адам тіркелген.

Бауыржан
Елімізде 43 369 Бауыржан есімді азамат бар. Бұл есім Панфиловшылар дивизиясының аты аңызға айналған командирі Бауыржан Момышұлы құрметіне қойылған. Ол екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын жылдарында өзін бір емес, бірнеше рет көрсете білген дарынды тактик және стратег.

Рақымжан
Рақымжан және Рахымжан есімді қазақстандықтар саны – 4 335. Бұл Ұлы Отан қорғаушысы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі. 1945 жылы 30 сәуірде майдандасы Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына Қызыл Ту орнатты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен оған "Халық Қаһарманы" атағы берілді.

Қасым
Елімізде 4475 Қасым бар. Бұл есімдер Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов құрметіне қойылған.

Әлия
Әлия есімді қазақ әйелдері саны – 66 711. Бұл есімді қазақ мергені, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова құрметіне қойған. Соғыс жылдарында ол 54-ші жеке мылтықта, 2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының бригадасында ефрейтор болды. Жаудың 78 солдаты мен офицерін жойды. Әлия Молдағұлова Псков облысы (Ресей) Новосокольнический ауданы, Монаково ауылында жерленген. 1944 жылы 4 маусымда "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді. 2021 жылғы 12 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы өкім шығарды.

Мәншүк
Мәншүк есімді қазақстандықтар саны – 5979. Аты аңызға айналған пулеметші Мәншүк Мәметова құрметіне қойылған. Аға сержант 1942 жылы тамызда өз өтініші бойынша 20 жасында Кеңес әскері қатарына алынады. Ол Калинин майданының үшінші шабуылына армияның 21-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында ұрыстарға қатысты. Алдымен ол бригаданың штабында қызмет етті, кейін пулемет бөлімшесінің командирі болып тағайындалды. Невель үшін шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы Мәншүк Мәметоваға "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді.

Хиуаз
Елімізде 424 адам Хиуаз есімді азамат бар. Бұл сирек есім қазақтың тұңғыш ұшқышы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 588-ші түнгі бомбалаушы полк құрамында соғысқан Хиуаз Доспанова құрметіне қойылған. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада және Белоруссияда жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Ерлігі үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, "Кавказды қорғағаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "«Жауынгерлік ерлік көрсеткені үшін" медальдарымен марапатталған. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ұлы Отан соғысының ардагері 2008 жылы 20 мамырда қайтыс болды.

Талғат

Талғат есімді қазақстандықтар саны – 47 167. Бұл атақты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдиновтің есімі. 1944 жылы 26 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен гвардия аға лейтенанты Бегелдинов 155 жауынгерлік ерлігі үшін, Александрия, Знаменка, Кировоград қалаларын азат ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін, әскерлерінің мемлекеттік шекарасына шығудағы ұрыстарға қатысқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәлік

Мәлік есімді қазақстандықтар саны – 7255 адам. Бұл Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин құрметіне қойылған. Ол Кеңес Одағының Батыры ретінде ғана танымал емес. Панфилов атындағы гвардиялық дивизия қатарындағы тамаша қызметтен кейін бейбіт заманда өзін ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының докторы ретінде көрсетті. Еңбек жолында Қазақ КСР-нің ірі жоғары оқу орындарын басқарды.

Жәнібек

16 634 қазақстандық Жәнібек деп аталады. Бұл қазақ пулеметшісі Жәнібек Елеусовтің есімі еді. 1943 жылы Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп, оның батыс жағалауындағы плацдармды алуға белсене қатысқан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Армия жауынгері Жәнібек Елеусовке Ленин орденімен және "Алтын Жұлдыз" медалімен Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.

Бейсен

Бейсен есімді қазақстандықтар саны – 1045 адам. Кеңес әскерінің аға лейтенанты Бейсен Оңтаев Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры Орталық майданның 65-армиясы 18-ші атқыштар корпусының 69-атқыштар дивизиясының 120-атқыштар полкінің барлаушысы болған. Днепр үшін шайқаста ерекше көзге түскен.

Оңтаев 1943 жылы 15 қазанда озық топ құрамында Украина КСР Чернигов облысы, Репкинск ауданы, Радул селосы маңында Днепрден өтіп, плацдармды басып алу ұрыстарына белсене қатысып, 8 жауды жеке өзі жойып жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети