Қанша қазақстандық вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда СOVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін 1 437 адам немесе жалпы вакцина салдырғандардың 0,05 пайызы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде вакцинадан кейін 1 437 адам ауырған. Бұл төмен деңгей - 0,05 пайыз екенін айтқым келеді. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігі 92 пайыз дейді, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін. "Спутник V", Hayat-Vax және QazVac салдырғандар арасында науқастар бар", - деді Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, елде "Спутник V" алғашқы дозасын алғандардан 979 адам ауырып қалған. QazVac-тан кейін 8 адам, Hayat-Vax вакцинасын салдырған соң 35 адам вирус жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети