Қанша қазақстандық іздеуде жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша қазақстандық іздеуде жүр? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура қазақстандықтарды іздеуге қатысты статистика туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура қазақстандықтарды іздеуге қатысты статистика туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 098 хабар-ошарсыз кеткендер.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі :

  • Алматы - 278;
  • Қарағанды облысы-217;
  • Павлодар облысы-170;
  • Алматы облысы - 152 тіркелген.

Үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кеткен - 38 адам. Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалып кетеді (77 пайыз). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89 пайыз).

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша :

  • Алматыда (496)
  • Астанада (183)
  • Шымкентте (149)
  • Алматы облысы (164)
  • Қарағанды (148) облысында іздестіріліп жатыр.

"Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети