Қанша қазақстандықтың өз баспанасы бар: статистика

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Азаматтарға арналған үкімет" жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 жеке тұлғаның жеке меншік құқығында бір тұрғын үйі (пәтері немесе жеке үйі) бар екенін хабарлады.

Қазақстанда 20 миллионнан аса адам тұрады. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар.

Осылайша, елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион адам болады. Бұған олармен бірге тұратын, бірақ тұрғын үйге иелік етуде үлесі жоқ жылжымайтын мүлік иелерінің жұбайлары да кіреді.

Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:

  • 944 мың 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар;
  • 286 мың 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;
  • оның ішінде 1669 азаматтың 10-нан аса жылжымайтын мүлікі бар .

Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 мың 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды.

"Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар бойынша ғана мәліметтер бар екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрында "Экономикалық белсенді халық" критерийі бойынша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз", - деп қорытындылады компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro