Қаңтар оқиғалары: министр Президентке баяндама жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғалары: министр Президентке баяндама жасады Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ісі, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Президентке ұсынылған мәліметке сәйкес қазіргі уақытта 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген. Сонымен қатар тоналған қаруды заңсыз айналымнан қайтарып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Соның ішінде полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы айтылды.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жаңа тәсілдер, мамандармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру, цифрландыру есебінен меритократия қағидаттарын және процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, құқықтық тәртіпті және сотталғандар отыратын жәйді жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент  министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети