Бас прокурор Берік Асыловқа Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде балалар ауруханасын қоршап алған рация мен әскери киім киген бір топ адам туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурор Берік Асыловқа Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде балалар ауруханасын қоршап алған рация мен әскери киім киген бір топ адам туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қаңтар оқиғасында Алматыда жоғары сапалы байланыс құралдарын ұстап, әскери киім киген қарулы топтар жүрді. Сол топтардың бірі Райымбек, 541 мекенжайындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының филиалын қоршап алған, кейін олар қайта жоғалып кеткен. Көптеген азаматтар оларды суретке түсіріп үлгерген. Оларды қару-жарақпен және заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз еткен адамдар анықталды ма? Жалпы, бұл ақпарат зерттелді ме? Неліктен бұл жағдай мұқият зерттелмейді, менің ойымша, бұл қастандықтармен тікелей байланысты", - деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
Бас прокурор Берік Асылов бұл адамдардың жеке басы әлі анықталмағанын мәлімдеді.
"Әрине, бұл қиын сұрақ. Осы дерек бойынша арнайы тергеу тобы құрылды. Райымбек даңғылында әскери киім киіп, көшелерді жауып тастаған, балалар жұқпалы аурулар ауруханасын қоршауға алған адамдар туралы ақпаратты біз де білеміз. Бірақ, оларды ұстауға мүмкіндік болмады, ұсталмады, барлығы қашып кетті. Ол адамдардың кімдер екенін біліп, жеке басын анықтай алмадық. Әрине, біз олардың қайда кеткенін, кім екенін анықтаймыз, тек уақыт қажет. Бүгінгі таңда жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр. Егер қандай да бір қосымша мәліметтер болса қосымша хабарлаймыз", - деп жауап берді Асылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!