Қаңтар оқиғасы: Қазақстанда әлі 18 шетелдік қамауда

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы: Қазақстанда әлі 18 шетелдік қамауда Видеодан алынған кадр

Қазақстанда қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге байланысты 18 шетелдік қамауда отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге байланысты 18 шетелдік қамауда отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынғандар мен тергеу изоляторларында қазір 18 шетел азаматы бар. Оның 14-і - Өзбекстан, екеуі - Ресей, екеуі Қырғызстан азаматы", - деді Азимова, "Хабар" телеарнасында.

Әзімова қамауға алынған азаматтар ұсталған жабық мекемелерге жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.

"Ұсталғандардың көп болғанына байланысты уақытша ұстау изоляторларында 6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағатта ауызсуға, тамақтануға қол жеткізу жағдайлары дұрыс болмағаны анықталды. Кейіннен жағдай тұрақталды. 10 қаңтардан бастап тұтқындалғандардың барлығына үйден ақша алуға рұқсат етілді. Бүгінгі таңда тамақтану дұрысталды, бірақ тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш бар", - деп атап өтті омбудсмен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети