06 сәуір 2022 12:46

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына пәтер қашан беріледі? Тоғжанов жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.

"Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі", - деді премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің отбасына өтемақы төленетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети