Қазақстандық телеарналар эфирінде Президент ТРК жариялаған "Восстановлению не подлежит" атты деректі фильм көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық телеарналар эфирінде Президент ТРК жариялаған "Восстановлению не подлежит" атты деректі фильм көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының сарапшылары қаңтар оқиғаларынан кейін Президенттің Алматыдағы резиденциясынан қалған әрбір учаскені зерттеп, шешім шығарды: пайдалануға шектеулі түрде жарамды.
Бұзақылар тарихи ғимаратқа автокөлік айдап кіргізіп, оны өртеп жіберді. Жарылыс пен өрт салдарынан ғимарат жүйелері бұзылып, тірек конструкциялары зақымдалды.
Ғимараттардың қауіпсіздігін сараптауда 40 жылдық тәжірибесі бар институт директоры Жұмағұл Нугужиновтің сөзінше, өрт 3 сағаттан астам уақытқа созылған, ал тарихи ескерткішті өрттен қорғау жарты сағаттан астам уақытқа созылды.
Сарапшының айтуынша, нысанды қалпына келтіру үлкен ақшалай шығындарды талап етеді, ал ғимараттың пайдалану мерзімі 20 жылдан аспайды.
Еске салайық, 2 наурызда қаңтар оқиғасы кезінде қираған Президент резиденциясы сүрілетіні белгілі болды. Мұндай шешімді Президент қабылдаған. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!