22 сәуір 2022 | 14:43

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға 97 миллион теңге көмек берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Қорға қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түскен. 

"Қор қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай көмек көрсетілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 миллион ​​теңге", - делінген хабарламада.

Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети